Дала өртінің алдын-алу және ауыздықтау бойынша облыстық жоспарға сәйкес Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының шекарасы аймағында өрт кезеңінде дайындықтың алдын-алу мақсатында оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Шараға Бөкей ордасы ауданы тарапынан аудан әкімінің орынбасары К.Нұршинов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №19 өрт сөндіру бөлімі мен «Орда орман шаруашалылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің» техникалары мен жеке құрамы қатысса, көршілес аудан тарапынан Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары М.Бисенов, Ұзынкөл, Ақоба ауылдық округінің ерікті өрт сөндіру құрамы мен ТЖБ бөлімі және №21 өрт сөндіру бөлімі қатысты.