Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы

Аграрлық сектор экономикамыздың жаңа драйверіне айналуына қажет екендігі Елбасымыздың жолдауында нақты айтылған болатын. Біздің аудан тұрғындарының негізгі кәсібі де осы мал шаруашылығы. Сондықтан  агроөнеркәсіп кешенінің дамуы халықтың әл-ауқатының өсуімен тығыз байланысты. Ел Президенті де өзінің Жолдауында бөлек назар аударған болатын. Жыл сайын мемлекеттiк бағдарламалар арқылы бұл салаға ауқымды қолдаулар көрсетіліп келеді.

Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемі 9 млрд. 54 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың деңгейінен 19%-ға артық.
2020 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара мал саны 68 200 басты құраса, қой мен ешкі – 87 608 бас, жылқы – 24 773 бас, түйе – 971 бас болып отыр. Ірі қара мен жылқы малдарында өсім байқалады. Мысалы: ірі мүйізді қара 5,1%-ға, жылқы 8,3%-ға артып отыр.

Ауданымызда 523 шаруа қожалық жұмыс атқарып келеді. Аудан шаруашылықтарымен 7178 тонна ет, 13 076 тонна сүт өндірілген, 2018 жылмен салыстырғанда ет өнімі 5,4%-ға, сүт өнімі 0,5%-ға өсті.
Ауылшаруашылық жерлерді тиімді мақсатта пайдалануды талап ету және пайдаланыста жоқ жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша үнемі жұмыстанып келеміз. Осы орайда өткен жылы мақсатты пайдаланбаған 12 шаруа қожалығының 10 700 га жері мемлекет меншігіне қайтарылды. 2019 жылы ауыл шаруашылығының бос жерлерін игеру мақсатында ұйымдастырылған конкурстардың қорытындылары бойынша 23 қожалыққа (оның жаңадан ашылғаны – 10 ш/қ) 15 500 га жер телімі пайдалануға берілді.

Шет елден асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналығын сатып алуға, яғни импорттауға бағытталған жұмыстар ауданымызда қарқынды жүргізілуде. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалық Ресейден 166 бас, Белоруссиядан 240 бас герефорд және ангус тұқымының қашарларын сатып алса, бұның сыртында «Нарын» шаруа қожалығы Мемлекеттік асыл тұқым станциясынан 70 бас герефорд асыл тұқымды қашарларын сатып әкелді.

Мал шаруашылығындағы жүйелі жұмыстар мен оң нәтижелер мал басын асылдандыруға жақсы әсерін тигізіп келеді. Былтырғы жылы 3 шаруа қожалығымыз «асыл тұқымды мал шаруашылығы» мәртебесін алып, аталмыш шаруашылықтардың саны 24-ке жетті оларда 7125 бас асыл тұқымды мал басы тіркелген (6074 бас ірі қара, 771 бас жылқы, 280 бас түйе).

2019 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бойынша 226 шаруа қожалығына 486 млн. 570 мың теңге төленді.

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар жоспарлы жүргізілуде. Есепті мерзімде 639 бас мүйізді ірі қара және 9 бас ұсақ малы бруцеллезге шалдығып, 2018 жылмен салыстырғанда ауруға шалдыққан ірі қара саны 15%-ға,  ұсақ малы 65%-ға азайды. Ал түйе мен жылқыда бруцеллез ауруы анықталған жоқ. Ауру малдар  оқшауланып, сою орындарына тасымалданды. Жалпы ауданда эпизоотиялық жағдай қалыпты.

Аудан бойынша 135 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспар 100%-ға толық орындалды.

Өткен жылы экспортқа 357 тонна ірі қара малының еті, 40 тонна қой еті және 4 тонна жылқының еті шығарылды.

Жыл сайын ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасы жаңартылып келеді. Былтыр лизингке 33 трактор, 4 Газель мен 1 УАЗ көліктері және 50 әр-түрлі ауыл шаруашылық техникалары алынды. Бұған қоса «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1 шаруа қожалығымыз 2 америкалық «Джон Дир» тракторларын сатып алды.

Ауданымызда 517 қыстақтар болса, оның 291-і электр жүйесіне қосылмаған. Соңғы жылдарда 183 қыстақ, яғни электр жарығымен қамтылмаған шаруа қожалықтар, энергияның баламалы түрі ретінде күн батареяларын орнатты. Соның ішінде өткен жылы 102 күн батареялары орнатылды. Сонымен қатар,  мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету жобасы аясында 36 құдық қазылды.

Техникаларың жанартып, күн батареяларын орнатқан және құдықтарын соққан шаруа қожалықтар мемлекеттен 462 млн. 240 мың. теңге көлемінде инвестициялық субсидияларын алды.

Документы
Қағида
04 января 2024
Правила субсидирования затрат работодателей, построивших арендное жилище в селе, поселке, сельском округе
Қағида
15 марта 2019
Об утверждении Правил субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства
Қағида
23 июля 2018
Об утверждении Правил субсидирования по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса, при инвестиционных вложениях
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылығы
Медиагалерея
1
Сайқында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Бөкей ордасы ауданының әкімдігі
Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы