2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Ақжайық аграрлық техникалық колледжінде «BusinessStartup» студенттік орталығы ашылды.
🔹 Орталықтың мақсаты – студенттердің кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру, бизнес-идеяларын дамытуға қолдау көрсету және өз кәсібін ашуға жол ашу.
🔹 Ашылу рәсіміне аудан, облыс деңгейіндегі білім және кәсіпкерлік саласының өкілдері, колледж басшылығы мен әлеуметтік серіктестер қатысты. Шарада студенттердің бизнес-жобалары таныстырылды.
🔹 Бұл бастама – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, еңбекке баулу және жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін дамыту жолындағы нақты қадам.