📌 «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы өтті

📌 «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы өтті

2025 жылдың 16 мамырында Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштыққа қызығушылығын арттыруға бағытталған «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы өткізілді.

🔎 Байқаудың мақсаты — талантты оқушыларды қолдау, шығармашылық құзыреттілігін дамыту және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Байқауға 7 аудан, Орал қаласы және облыстық техникалық шығармашылық орталығынан барлығы 30 оқушы қатысып, өз жобаларын ұсынды.
🏆 Жеңімпаздар 8 номинация бойынша анықталды.

Бұл — болашақ жаңалық ашушылар мен жас ғалымдарға жол ашатын маңызды алаң болды. 🎉 Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!