2025 жылғы 14-16 мамыр аралығында Облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы мен БҚО Полиция департаментінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Бағдаршам – 2025» облыстық слеті өтті.
🔹 Слеттің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің жол-көлік оқиғаларына тап болу қаупінің алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау және осы бағытта түрлі мекемелердің назарын аударту.
🔸 Қатысушылар:
- «Велосипедті мәнерлеп жүргізу»;
- «Жас реттеуші»;
- «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері»;
- Үгіт-насихат бригадалары;
- Саптық байқауларда өзара бақ сынады.
📍 Слетке облыстың 8 ауданынан және Орал қаласынан барлығы 88 оқушы қатысты.
🏆 Жалпыкомандалық есеп нәтижесі бойынша:
🥇 1 орын – Жәнібек ауданы командасы;
🥈 2 орын – Бәйтерек ауданы командасы;
🥉 3 орын – Ақжайық ауданы командасы;
Бұл шара – жолда жүру мәдениетін қалыптастыруға және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама.