Облыстық ұстаз ардагерлерінің форумы аясында Хан Ордасына жол тартқан делегацияны басқарма басшысы Елдос Сафуллин бастап барды. Қонақтарды Жәнібек аудандық білім беру бөлімі ұлттық дәстүрмен, ақ ұсынып, әнмен қарсы алды.
🤝 Қарсы алу рәсімі – ұлағатты ұстаздарға деген зор құрмет пен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды.
📚 Форумға қатысушылардың бай тәжірибесі мен өмірлік жолы – жас ұстаздар үшін үлкен мектеп. Білім мен тәрбиеге өмірін арнаған тұлғаларға құрмет көрсету – бәріміздің ортақ парызымыз.