🏫 Қараөзен мектеп-лицейіндегі жөндеу жұмыстары бақылауда

🏫 Қараөзен мектеп-лицейіндегі жөндеу жұмыстары бақылауда

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының құрылыс және жобалау бөлімінің басшысы Самиғолла Сүлейменов пен бөлім басшысы Самал Джангереева Қараөзен мектеп-лицейіне арнайы барып, нысандағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

🔍 Келу барысында ғимараттың қазіргі жағдайы жан-жақты зерделеніп, құрылыс сапасы мен жұмыс кестесі егжей-тегжейлі талқыланды.

📌 Басқарма басшысы:
– құрылыс сапасына ерекше назар аударылуы тиіс екенін;
– оқу жылы басталғанға дейін нысан толық дайын болуы қажет екенін;
– оқушылардың қауіпсіздігі мен қолайлы ортада білім алуы – басты басымдық екенін атап өтті.

🛠 Мердігер мекеме өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, белгіленген мерзім ішінде жобаны аяқтауға уәде берді.

📎 Білім беру нысандарының инфрақұрылымын жаңарту – сапалы білім мен қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды бөлігі. Бұл бағыттағы бақылау әрі қарай жалғасады.