📍 Сарықұдық мектебіндегі құрылыс сапасына қатысты мәселелер бақылауда

📍 Сарықұдық мектебіндегі құрылыс сапасына қатысты мәселелер бақылауда

Бүгін Казталов ауданы Сарықұдық негізгі орта мектебіне Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы Сафуллин, облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының құрылыс және жобалау бөлімінің басшысы Самиғолла Сүлейменов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангерееваның жұмыс сапары ұйымдастырылды.

🔎 Сапар барысында 2022 жылы салынған білім беру нысанындағы құрылыс ақауларына байланысты туындаған өзекті мәселелер талқыланды. Арнайы жұмыс тобы мектеп ғимаратын тексеріп, құрылыс барысында кеткен кемшіліктерді анықтады.
🔧 Мердігер мекемеге ақауларды қалпына келтіру жөнінде талап қойылып, тиісті шаралар қолға алынды.

✅ Оқу ордасының қауіпсіздігі мен қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету – басты назарда. Мәселенің толық шешілуі бақылауда ұсталады.