2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында Тасқала ауданының «Шұғыла» жазғы сауықтыру лагерінде облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан облысының табиғат ескерткіштері» атты облыстық экологиялық экспедиция өтті.
🔍 Экспедиция мақсаты – оқушыларды туған өлкенің табиғатын аялауға баулу және практикалық экологиялық жұмыстарға жұмылдыру.
Қатысушылар:
- Деркөл жағалауына сызықтық маршрутпен жүріп, тал (терек) көшеттерін отырғызды;
- Ғылыми-зерттеу полигондарында далалық зерттеулер жүргізіп, нәтижесін қорғады;
- «Командаларды таныстыру» мен «Үздік бивуак» байқауларына қатысты.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
🥇 1 орын – Бәйтерек ауданы
🥈 2 орын – Ақжайық ауданы
🥉 3 орын – Тасқала ауданы
Бұл шара – табиғатқа жанашыр ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болды.