
2025 жылғы 14 мамырда Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттыру.
Іс-шараға БҚО білім басқармасының «Батыс Қазақстан облыстық әдістемелік орталығының» әдіскері Ляззат Нұрғалиева қатысып, жастарға маңызды ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында студенттерге жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, адам папилломавирусына қарсы екпе, АИТВ туралы ақпарат ұсынылып, сауалнама мен викторина ұйымдастырылды.
Бұл шара жастардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратын маңызды бастама болды.