🔹 Кәсіптік бағдар – табысты болашақ кепілі

🔹 Кәсіптік бағдар – табысты болашақ кепілі

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов «Тиімді кәсіптік бағдар беру – жас ұрпақтың болашағына жол» тақырыбында қала мектептерінің көшбасшы оқушыларымен кездесу өткізді.

Іс-шараға БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, Орал қалалық білім бөлімінің өкілдері және 58 оқушы қатысты.

Кездесу барысында Елдос Сафуллин жастарға арнап: «Келешекке қызмет – бүгінгі таңдаудан басталады» деген мазмұнда ой қозғады.

№33 мектептің 11-сынып оқушысы Милана Айсағали мен Эстетикалық бағыттағы гимназияның 11-сынып оқушысы Марат Есенов мектептегі белсенділік пен көшбасшылық тақырыбында өз ойларын ортаға салды.

Мұрат Байсалов мемлекеттік қызметтің маңызы мен қоғамдағы рөлі туралы айтып, оқушылармен еркін форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында 40-тан астам оқушы белсенділік танытып, мемлекеттік қызметке орналасу, өсу мүмкіндіктері, қажет қасиеттер мен мемлекеттік қызметтің жастар үшін несімен тартымды екені жөнінде сұрақтар қойды.

💬 Осындай ашық әрі мазмұнды диалог жас буынның саналы таңдау жасауына және болашаққа сеніммен қарауына ықпал етті.