Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне Есенова Ляззат Сайкомовна тағайындалды.
Ляззат Сайкомовна – білім беру саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Еңбек жолын Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы ретінде бастаған. Кейіннен Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде және аталған колледжде педагог-психолог болып қызмет атқарған. Әр жылдары түрлі басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеп, білім беру саласына серпін беретін жобаларды жүзеге асырды. 2023 жылдан бастап колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Ляззат Сайкомовна – республикалық «1000 көшбасшы» кадрлық резервінің мүшесі.
Жаңа басшыны ұжымға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
📌 Ляззат Сайкомовнаның мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі облыстық білім беру жүйесінің дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз.