Батыс Қазақстан облыстық экологиялық-биологиялық орталығына жаңа басшы тағайындалды

Батыс Қазақстан облыстық экологиялық-биологиялық орталығына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың директоры қызметіне Нуралиева Гулжайна Мактаугалиевна тағайындалды.

Гүлжайна Мактаугалиевна еңбек жолын мектепте биология және география пәндерінің мұғалімі ретінде бастап, кейін экологиялық-биологиялық орталықта қосымша білім беру педагогі, педагог-ұйымдастырушы, әдіскер болып қызмет етті.

2013 жылдан бастап осы орталықта директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, орталықтың дамуына елеулі үлес қосты. Әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар авторы, кәсіби байқаулардың жүлдегері.

📌 Жаңа басшыны ұжымға  облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин таныстыра отырып, кәсіби тәжірибесі мен көшбасшылық қабілеті орталықтың экологиялық тәрбие мен биологиялық білім беру саласындағы жұмысын одан әрі нығайтады деп сенетінін атап өтті.