«Үздік – 100 студент» республикалық байқауы өз мәресіне жетіп, еліміздің ең үздік жастары анықталды.
📚 Байқау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін қолдау және көшбасшы жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
🇰🇿 Үш кезеңнен өткен байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған студент қатысып, өз білімдері мен көшбасшылық қабілеттерін көрсетті.
🥇 Қуанышты жаңалық – Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 10 студенттің ішінен 3 жас үздік атанып, республикалық деңгейде топ жарды:
✅ Махсот Альмира Жүсіпқызы – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының 4-курс студенті
✅ Ғазиз Нұрсәт – Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің “Ветеринария” мамандығының 2-курс студенті
✅Данил Меренков – Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің "Емдеу ісі" мамандығының 2-курс студенті
👏 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Табыс пен шабыттарыңыз сарқылмасын!