Орал қалалық білім бөлімінің басшысы қызметіне Кайржанова Алия Зулкарнайновна тағайындалды. Білім беру саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби маман еңбек жолын орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары түрлі басқарушылық қызметтерді атқарып, білім саласына серпін берген жобаларды жүзеге асырды. Соңғы жылдары Орал қаласындағы эстетикалық бағыттағы гимназияның директоры болып қызмет етті.
Жаңа басшыны ұжымға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Алия Зулкарнайновнаның мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі қалалық білім беру жүйесінің дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз.