«Үздік Экомектеп және Экобалабақша» облыстық байқауы

«Үздік Экомектеп және Экобалабақша» облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 25сәуір күні, облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен, білім беру ұйымдары арасында экологиялық жобаларды белсендіру мақсатында «Үздік Экомектеп және Экобалабақша» облыстық байқауы өткізілді.

🏆 Байқауға 12 аудан мен Орал қаласының Экомектептері мен Экобалабақшалары қатысты. Байқау 8 номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтап, экологиялық бағыттағы жобаларды дамытуға жаңа серпін берді.

🌱 Байқау нәтижесінде:
- Орал қаласы №5 жалпы орта білім беретін мектебі
- №48 «Мұрагер» бөбекжайы
- №16 негізгі орта мектебі
- №22 «Жұмбақтас» бөбекжайы МКҚК
- Теректі ауданы Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі
- Казталов ауданы С.Есетов атындағы мектеп-балабақша кешені
- Қаратөбе ауданы «Шұғыла» бөбекжайы
- Шыңғырлау ауданы «Бөбек» бөбекжайы

🌿 Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Экологиялық білім мен тәжірибені дамыту жолында үздік жұмыстардың үлгісі болары анық.