
Бүгін ҚР ҰКП "Атамекен" ұйымдастыруымен "Бірінші облыстық тәлімгерлер слеті" тұңғыш рет Батыс Қазақстан облысында өтті.
Маңызды шараға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, колледж директорлары мен әлеуметтік серіктестер қатысты.
Слет барысында облысымызда "Тәлімгерлер мектебінің" ашылғаны жария етіліп, тәлімгерліктің маңызы мен бағыттары талқыланды.
Жас мамандарды қолдап, тәжірибемен бөлісіп жүрген әлеуметтік серіктестер "Алғыс хаттармен" марапатталды.
Тәлімгерлік – сапалы білім мен кәсіби дамудың алтын көпірі.