🚗✈️ Техникалық шығармашылыққа толы жарыс!

🚗✈️ Техникалық шығармашылыққа толы жарыс!

24 сәуір күні Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Авто үлгілеу» және «Multi GP дрон» спорт түрлерінен облыстық деңгейдегі сайыстар өтті.

🔧 Жарысқа 10-17 жас аралығындағы 70-тен астам оқушы қатысты. Қатысушылар авиа және авто үлгілеу үйірмелерінен өз шеберліктерін танытып, бап пен бақ сынасты.
🔹 Байқауға Бәйтерек, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Тасқала, Теректі аудандары мен бірқатар мектептердің жас техниктері қатысты.

🎉 Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.

🛠 Жас өнертапқыштарымызға шығармашылық табыс тілейміз.