24 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында WorldSkills Oral – 2025 аймақтық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Теннистік корт ғимаратында ұйымдастырылды.
🔹 Ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, «Talap» КЕАҚ бас менеджері Атыргүл Еставлетова, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, білім беру саласының ардагерлері, колледж директорлары, сарапшылар мен әлеуметтік серіктестер қатысты.
🗣 Сөз барысында облыс әкімі өңірлік кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына чемпионаттың қосар үлесін атап өтіп, жастардың кәсіби дағдысын халықаралық деңгейде дамыту маңызын ерекше айтты.
🔸 Чемпионатты бастау тетігін облыс әкімі мен WorldSkills Kazakhstan – 2024 күміс жүлдегері Мақсат Мухитов бірге басты.
Бұл шара – білім мен шеберліктің мерекесі, жаңа мүмкіндіктердің бастауы!