Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы №31 мектеп ауласында ағаш отырғызу акциясын өткізді.
🌳 Игі шараға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин бастамашы болып, ұжыммен бірге жасыл желек егуге атсалысты. Бұл – қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау мен өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің жарқын үлгісі.
📌 Акция барысында экологиялық орталық қолдауымен мектеп ауласына түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл аймақты кеңейтуге үлес қосылды. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың борышымыз!
🌿 Таза ауа – денсаулық кепілі! Ағаш отырғызу – болашаққа салынған көпір.