Қазақстан оқушыларының XIII қысқы Гимназиадасы мәресіне жетті!

Қазақстан оқушыларының XIII қысқы Гимназиадасы мәресіне жетті!

 

⛷ Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, отансүйгіштікке баулу және бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткен республикалық кезең өз деңгейінде ұйымдастырылды.

🏒 Гимназиада аясында оқушылар 8 спорт түрінен сынға түсті:
▪ Қысқы президенттік көпсайыс
▪ Шаңғы жарысы
▪ Биатлон
▪ Қысқы спорттық бағдарлау
▪ Шорт-трек
▪ Мәнерлеп сырғанау
▪ Бенди
▪ Шайбалы хоккей

🏆 Жалпыкомандалық есеп бойынша:
🥇 I орын – Солтүстік Қазақстан облысы
🥈 II орын– Батыс Қазақстан облысы
🥉 III орын– Павлодар және Қостанай облыстары

📌 Жарыс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, БҚО білім басқармасы және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті.

👏 Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жас спортшыларға алда да биік белестер тілейміз!