🎉 Қуанышты жаңалық! 🇰🇿 «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасы аясындағы үлкен жетістік!

🎉 Қуанышты жаңалық! 🇰🇿 «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасы аясындағы үлкен жетістік!

 

2025 жылдың 21 сәуірінде Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» экофестивалінде өңіріміздің атынан Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының «Экосана» үйірмесінің оқушысы Исенғали Дана мен жетекшісі Рыскалиева Айша Мұратқызы ерекше жобамен қатысуда.

🌱 «AIR-POT жүйесімен питомник» жобасы көрме алаңында ұсынылып, Қасым-Жомарт Кемелұлы оқушымыздың жұмысын айрықша атап өтті. Бұл – біз үшін зор мақтаныш!

♻️ Фестиваль аясында қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» технологиялар мен экологиялық стартаптар тақырыбындағы жобалар таныстырылды.

👏 Облыстық білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбие мен жасыл бастамалардың нақты нәтижесін көрсеткен Дана мен ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!