Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы (директоры)
БҚО Орал қаласы Рысқұлбеков көшесі, 49 үй мекенжайы бойынша орналасқан әкімдігі білім басқармасының «Облыстық экологиялық –биологиялық орталығы» МКҚК, тел. 8 (7112) 504797, электрондық мекен-жайы: detzoo@mail.kz
Негізгі қызметтерінің қысқаша сипаттамалары: Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру; адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру; азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халықтың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу; бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.
Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 211 408 теңгеден 270 587 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;
мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;
қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;
білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;
балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;
басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;
педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;
педагогика мен психология;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Мемлекеттік білім беру |
||
Нысан |
||
__________________________ |
||
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және (немесе) облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету үшін нәтиже беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні; 3) көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жерден басқа жердегі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 4) портал арқылы жүгінген кезде – бір жұмыс күні. 1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап келеді |
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
тегін |
|
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00 мен 18.30 аралығы, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектісі – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында; 2) www.egov.kz порталында |
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото; 4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат; 10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес) 11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары; 12) түйіндеме; 13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік. egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото; 3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса); 7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ) сертификат; 8) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары; 9) түйіндеме; Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады. Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады. |
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Ағза функциялары тұрақты бұзылған, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77777 нөмірлері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz; 2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
|
____________________________ |
Өтініш
Мені _______________________________________________________________
(білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)
____________________________________________________________________
бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі кезде _________________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл)
жұмыс істеймін.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):
_____________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
|
|
|
|
Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ___________
Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) __________________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.
Мен келісемін ____________________________________________________
(ТАӘ (бар болса)) (қолы)
"____"______________20___жыл __________ /қолы/
|
Мемлекеттік білім беру |
Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен әңгімелесуге арналған тақырыптық бағыттар
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
Кандидаттардың құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуден өтуге және дербес деректерді өңдеуге ерікті келісімі
Мен, жеке басын куәландыратын құжаттың № ____________________,
"___" ___________ 20___ ж. берілген __________________ (куәлік берген орган),
ЖСН ___________, __________________________________________ мекенжайы
бойынша тұратын _____________________________________________________,
(кандидаттың ТАӘ (бар болса)), электрондық поштаның мекенжайы
"Дербес деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес өзімнің басқарушылық құзыреттерімді, жеке психологиялық бейінімді анықтауға бағытталған құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуден өтуге келісімімді беремін, сондай-ақ менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, атап айтқанда қазіргі уақытта да, келешекте де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ақпаратты пайдаланушымен байланысты үшінші тұлғаларға менің дербес деректерімнің қандай да бір құқықтық қатынастарымен алуға, сақтауға, пайдалануға және таратуға келісімімді беремін. Осы келісім ақпаратты пайдаланушымен Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген құқықтар мен міндеттерді ақпаратты пайдаланушының тиісінше орындауы үшін қажетті барлық қатынастарға қолданылады және кадр резервін қалыптастыру кезеңінде де, осы кезең тоқтатылғаннан кейін де қолданылады.
Тестілеуді бастамас бұрын маған толық нұсқама берілді, осымен мен кандидаттарды Кадр резервіне іріктеу шарттарын қабылдайтынымды растаймын. Осы келісімнің мәтінін оқыдым, ол бойынша толықтырулар, ескертулер мен қарсылықтар жоқ.
Қолы: ______________________ "___" __________20___ ж.
Бірінші басшы лауазымына кандидат құжаттарды конкурсқа қатысуға жібергенге дейін заңнаманы білуге арналған сертификаттаудан және мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде білуге арналған тестілеуден (ҚАЗТЕСТ) өз бетінше өтеді.
Кандидаттар Кодексті, "Білім туралы" "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бұйрықтарын білуге сертификаттаудан өтеді.
Соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыстар және/немесе адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында білім беруді басқару органының, тиісті саладағы уәкілетті органның кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жолдайды.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысудан шеттетіледі.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттары бойынша біліктілігін бағалау үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссиясының отырысы арқылы жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Өткізілетін орны: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәжіліс залы.
Қажетті құжаттар осы хабарландыру білім басқармасының сайтында жарияланған сәттен бастап, жеті жұмыс күні ішінде 2025 жылдың 8 – 16 сәуір аралығында мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Орал қаласы, Есқалиев көшесі 72, 207-бөлме. Анықтама телефоны: 26-05-04, эл.мекен-жай: n.kabdygalieva@bko.gov.kz
Конкурстың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін әңгімелесудің күні мен уақыты үміткерлерге қосымша хабарланады.
БҚО білім басқармасының конкурстық комиссиясы