Облысымыздың шәкірттері жеңіспен оралды

Облысымыздың шәкірттері жеңіспен оралды

⚡Қарағанды қаласында 27-29 наурыз аралығында өткен «Х Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне» Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі-интернаты оқушылары қатысты. Қазақстанның барлық өңірлерінен және әлемнің түрлі елдерінен командалар қатысқан бұл жаңа идеялар полигонында 3D прототипирование санаты бойынша Қабиболла Дәурен мен Ғалымжан Жасмина жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл- толассыз еңбек пен қажырлылықтың жемісі.
👏Әр сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін жүлдегер оқушылар мен «Техникалық модельдеу» үйірмесінің жетекшісі Махимов Әділхан Мерекеұлын шын жүректен құттықтаймыз!