Құттықтаймыз!!!

Құттықтаймыз!!!

2025 жылдың 20-24 наурыз аралығында Жетісу облысы Балпық би ауылында тау туризмі техникасы бойынша республикалық жарыс өтті. Жарысқа Республикамыздың 8 өңірінен 24 команда қатысты. Батыс Қазақстан облысының құрама командасы 3 жас ерекшелік бойынша бақтарын сынады.
Жарыстың қорытындысы бойынша облысымыздың құрама командасы жалпы командалық есепте төмендегі орындарға ие болды:
🥈«Балалар» тобы - 2 орын
🥈«Жасөспірімдер» тобы — 2 орын
🥇«Ересектер» тобы — 1 орын
Команда құрамына Ақжайық ауданының балалар- жасөспірімдер туризм орталығы, Бөрлі ауданының жас туристер станциясы, Бөкейордасы, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе және Теректі аудандарының балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы, білім алушылары кірді.