Құттықтаймыз! Батыс Қазақстан облысының құрама командасы «Балалар» тобы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынға ие болды.
2025 жылдың 3-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында спорттық туризмнен (тау туризм) республикалық жарыс өтті. Жарысқа республикамыздың 8 өңірінен 19 команда қатысты. Батыс Қазақстан облысының құрама командасы 2 жас ерекшелік бойынша бақтарын сынады.
"Жеке" сынақта жақсы нәтиже көрсеткендер:
Оразалы Айару - 1-орын;
Ишанов Ерасыл - 2-орын;
Жәңгірханұлы Әмірхан - 3-орын;
Неталиев Карим - 1-орын;
Кенжемұрат Темірлан - 2-орын.
"Байлам" қашықтығы бойынша:
Оразалы Айару/Султангалиев Радмир - 1-орын;
Серік Әлібек/ Серік Мансур - 2-орын;
Ишанов Ерасыл/Марат Нұрсауле - 3-орын;
Неталиев Карим/Кенжемұрат Темірлан - 2-орын.
Команда құрамына аудандардың балалар туризмі (станциялары) орталығының білім алушылары мен облыстық балалар туризм орталығының білім алушылары кірді: Ақжайық ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы, Бөрлі ауданының жас туристер станциясы, Жәнібек ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы, Қаратөбе ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы, Теректі ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы, Казталов ауданының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы.
Команданың жетекшілері: К.Е.Неталиева, Ә.М.Темірболат, Т.Кенжемурат.