«Жазғы мектеп» жұмысын ұйымдастыру

«Жазғы мектеп» жұмысын ұйымдастыру

Жазғы мектеп 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен, қыс мезгілінде қатты аязға байланысты сабақтар тоқтатылған кезеңінде оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда ұйымдастырылуда. «Жазғы мектепке» балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады, облыс бойынша 60 мыңнан астам оқушы қамтылуда.

Климаттық жағдайларды ескере отырып, бастауыш сыныптарда сабақтар 30 минуттан, 5-10 сыныптарда 40 минутқа дейін өткізіледі. Күніне 5 сабақтан артық емес. Жұмыстың түрлері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.

Білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді.

Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі.