2023-2024 оқу жылына конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы

2023-2024 оқу жылына конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы

2023-2024 оқу жылына конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған  ұйымдарын анықтау үшін конкурсын жариялау туралы

 «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы»мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылына конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған  ұйымдарын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 7-қосымшасына сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде ағымдағы жылғы 5 – 15 мамыр аралығында конкурс жариялайды.

Өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.