Жалпы орта білім

Жалпы орта білім

      2022-2023 оқу жылында облыс бойынша 380 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 371 күндізгі мемлекеттік, кешкі– 3, жеке – 6.

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 255 мемлекеттік тілде оқытатын, 23 орыс тілінде оқытатын, 102 аралас мектеп.

2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті барлығы 118 826 құрады, оның ішінде мемлекеттік – 117 750, кешкі-218, жеке – 858 оқушы.

Облыстың 371 күндізгі жалпы білім беретін мектептерінің 217-і шағын жинақталған мектеп (барлық мектептер жалпы санынан 58,4%) болып табылады, онда 14 982 оқушы білім алады.  ШЖМ қызметіне қолдау көрсету мақсатында 19 тірек мектеп (ресурстық орталық) жұмыс істейді, оларға 36 магниттік мектеп бекітілген.

          Ағымдағы жылы 1 сыныпқа 13 727 оқушы қабылданды.

          11-сыныпты 5687 оқушы аяқтады (2021ж. – 5 912 адам), оның ішінде 311 түлек "Алтын белгі" төсбелгісінің иегері (2021ж.-425), 271 түлек «Үздік аттестат» иегері (2021ж.-185).

          Облыстың барлық 380 (100%) мемлекеттік мектебі кең жолақты Интернетке қосылған. Соның ішінде талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) арқылы 163 мектеп, ADSL технологиясы арқылы 45 мектеп, радиокөпір технологиясы бойынша 39 мектеп, LTE 4G арқылы 38 мектеп, сондай-ақ шектеулі трафикпен спутниктік байланыс арқылы 95 мектеп кеңжолақты Интернет желісіне қосылған.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 39 оқушы (І орын - 4 оқушы, ІІ орын - 12 оқушы,  ІІІ орын - 23 оқушы)  жүлделі орындарымен және 12 оқушы грамота иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін дарынды  балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатына "Ең үздік олимпиадалық команда -2022" атағы берілді. 

Республикалық олимпиадалық командалардың дарынды балаларды анықтау, дайындау және қолдау жүйесін жетілдіру мақсатында Олимпиаданың республикалық кезеңінде үздік білім көрсетіп оқушылары жүлделі орындарға ие болған облысымыздың 4 мектебі (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Орал қаласы Ә. Молдағұлова атындағы  №38 мектеп-лицейі) республика бойынша «100 Үздік мектеп» қатарынан кірді.

2022 жылы халықаралық олимпиадалардың нәтижесі бойынша 1 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль иегері.

Биылғы жылы облыстың 9 мектебі ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша республикадағы  үздік нәтиже көрсеткен 100 мектептің қатарына енді. Республикадағы үздік мектептер көшін  облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты бастап тұрса, үздіктер қатарында Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-лицейі, дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы  №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Жаңақала мектеп-гимназиясы,  дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация, Орал қаласының М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі, 125 HIGH SHOOL жеке мектебі, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Ақжайық ауданы Абай атындығы мектеп-гимназиясы бар.