«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны бойынша ақпарат

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны  бойынша ақпарат

Білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны оздырылды.

Науқанды өткізудің негізгі мақсаты мен міндеті ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның назарын балалар еңбегін қолдану проблемасына, оның ауқымы мен сипаттамаларына, оның бала мен қоғам үшін салдарларына аудару, жұртшылықтың құқықтық хабардар болуын арттыру.

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу жөнінде өңірлік іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.

Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу жөнінде ақпараттық хабарламалар, сенім телефондарының номерлері білім басқармасының, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің, облыстық білім беру мекемелерінің әлеуметтік желілеріне (facebook, instagram) жарияланды.

Науқан аясында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ» ұранымен «Егер 18 жасқа толмасаң, біліп қой» тақырыбында облыс тұрғындарына жадынамалар таратылып, бала еңбегінің ең нашар түрлерін алдын алу бойынша мақалалар, сұхбаттар жарияланды.

Жергілікті «AQJAIYQ» телеарнасының эфирінде балаларды қорғау мақсатында роликтер күніне 4 рет мемлекеттік және орыс тілінде ротациялануда. Сонымен қатар, тақырыптық бағдарламалар, сюжеттер мен тікелей эфирлер қатары ұйымдастырылуда.

Ұлттық ақпараттық науқан барысында жазғы кезеңде бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау және жол бермеу бойынша заңнаманың бұзылу жағдайларының орын алмауы мақсатында білім беру мекемелері, жергілікті полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдармен  563 объектіге 31 рейдтік шаралар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жазғы мектеп оқушыларына мектеп кітапханаларында «Бала еңбегі тоқтатылсын» тақырыбында кітап көрмелері, лагерь тәрбиеленушілеріне «Біз бақытты баламыз» тақырыбында флешмоб,  дебат турнирлері, кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік инспекторлармен кездесулер ұйымдастырылды.