Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы (директоры)
БҚО Орал қаласы, Қ.Мырза Әлі атындағы шағын аудан 18 мекен-жайы бойынша орналасқан «БҚО әкімдігі білім басқармасының «Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы» МКҚК директоры, тел.8711230-14-86
Негізгі қызметтерінің қысқаша сипаттамалары: Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру; адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру; азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халықтың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу; бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.
Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты158875 теңгеден 192632 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады; мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады; басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды; қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды; білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды; білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды; балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады; білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады; басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады; педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі; оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды; жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді; есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері; педагогика мен психология; педагогикалық этиканың нормалары; экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл; немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|
|
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және (немесе) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді |
|
|
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру: |
|
|
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут; |
|
|
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қағаз түрінде - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
|
|
|
тегін |
|
|
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
|
|
|
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді: |
|
|
|
Көрсетілетін қызметті беруші келесі негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады: |
|
|
|
Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады. |
|
|
|
|
Мемлекеттік білім беру |
Нысан
|
|
____________________________ |
__________________________________________________________________
кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН
__________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.
Өтініш
Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша
(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)
бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.
(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)
Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс
керегінің астын сызу керек
Конкурс қағидаларымен таныстым:
Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім
|
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
|
|
|
Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):
__________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
|
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
|
|
|
|
|
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: _____
Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________
Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.
Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.
Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.
Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.
Тыйым салынған заттар:
- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);
- ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);
- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);
- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;
- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;
- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.
Келісемін ________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)
Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.
20___жылғы "____" ______________ /қолы /
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
Нысан |
Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен әңгімелесудің тақырыптық бағыттары
1.Қазақстан Республикасының білім беру саласын реттейтін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық құжаттары, білім беру саласындағы уәкілетті органның негізгі нормативтік құқықтық құжаттары.
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
__________________________________________________________________
кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН
__________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)
__________________________________________________________________
білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
__________________________________________________________________
лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
|
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
|
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда) __________________________________________________________________
Соттылығы болған немесе бар, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстар және/немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы, білім басқармасы органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде саласы сәйкес келетін уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы қосымша сұрау салу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жолданады.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттары бойынша біліктілігін бағалау үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссиясының отырысы арқылы жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Өткізілетін орны: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәжіліс залы.
Қажетті құжаттар осы хабарландыру білім басқармасының сайтында жарияланған сәттен бастап, жеті жұмыс күні ішінде 2022 жылдың 7-15 маусым аралығында мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Орал қаласы, Есқалиев көшесі 72, 207-бөлме. Анықтама телефоны: 26-04-74, эл.мекен-жай: uo.zko@mail.ru
БҚО білім басқармасының конкурстық комиссиясы