ТжКББ ұйымдары студенттері арасында «Махаббатсыз дүние бос» тақырыбындағы аудан колледждерінің пікірсайыс турнирі

ТжКББ ұйымдары студенттері арасында  «Махаббатсыз дүние бос» тақырыбындағы аудан колледждерінің пікірсайыс  турнирі

Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні   Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының №4-7/1772 от 13.04.2022ж бұйрығы негізінде Теректі колледжі базасында  «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күніне арналған техникалық және кәсіптік білім бері ұйымдары студенттері арасында  «Махаббатсыз дүние бос» тақырыбындағы аудан колледждерінің пікірсайыс  турнирі өткізілді.

       Турнирдің мақсаты: жастар арасында махаббат, сүйіспеншілік, құрмет, сыйластық қасиеттерін дамытып, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

     Турнирге Ақсай техникалық колледжінің  «Аманат», Сырым колледжінің «Сырым жастары», Теректі колледжінің «Жалын», Каратөбе колледжінің «Дидар», Бөкей Ордасы  колледжінің «Бөкейлік қырандары», Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің «Ақиқат», Шыңғырлау колледжінің «Жеті жарғы», Тасқала колледжінің «Азамат», Бөрлі колледжінің  «Оян, Қазақ!», Жаңақала колледжінің «Ақиқат», Акжайық аграрлық техникалық колледжінің  «Ұшқын» фракциялары  қатысты.

Турнирге Республикалық дебаттар жеңімпазы - Жалмұхан Ерсұлтан Бас төрелік етті, сонымен қатар Орал қаласы колледждерінің дебат жетекшілері: М.Құрмашева, Э.Абдрахманова, Ж. Ахметова, Г.Сундетова. Д. Тулеуошов, М.Ищанов, Б. Қонарова, Т.Серікқалиев, А.Сапиев, А.Тілеген, Т.Қайыржанов   төреші міндетін атқарды.

   Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша өтті.

   Турнир екі айналымды қамтыды. Бірінші айналым  іріктеу раундтары. Екінші айалым негізгі ойындар: ширек  финал, жартылай финал және финал. 

Іріктеу ойындары 3 раундтан , әр раундқа бір қарардан берілді. Іріктеу раундтарынан жеңіліс тапқан фракциялары: Ақсай техникалық колледжі, Сырым колледжі, Теректі колледжі, Бокей Ордасы  колледжі , Тасқала  колледжі  , Жаңақала колледжі, Акжайық аграрлық техникалық колледжінің студенттері БҚО Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Турнирдің екінші кезеңінде пікірсайыс тартысты  өтті. Нәтижесінде

1 орын - Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің «Ақиқат» фракциясы; 2 орын - Каратөбе колледжінің «Дидар» фракциясы;

3 орын - Бөрлі колледжінің  «Оян, Қазақ!» фракциясы иеленді.

Сонымен қатар, «Үздік талпыныс» номинациясымен Шыңғырлау колледжі,

Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі пікірсайысшысы – Жаңбырбай Жангелді «Үздік спикер», «Үздік төреші»  - Серікқалиев Тасболат ЖИТК жастар ісі жөніндегі комитет басшысы.

Турнирдің соңында ұйымдастырушы Теректі колледжінің «Ақиқат» дебат клубы жетекшісі И.М. Жумабекова БҚО Білім басқармасының Алғыс хатымен  марапатталды.