хабарландыру

хабарландыру

2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР заңының 44-бабына сәйкес, «БҚО білім басқармасы» МБ әлеуетті жекеше әріптестің Батыс Қазақстан облысының білім беру нысандарына қолжетімділікті бақылаумен «Smart мектептер» жүйесін орнату және техникалық қызмет көрсетуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының бастамасы туралы хабарлайды.

Жобаны жүзеге асыру үшін негізгі мәлімделген техникалық көрсеткіштер:

Бет сәйкестендіруімен (Face ID) ҚББЖ (қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі) жабдықтау және қызмет көрсету объектілерінің саны - 601.

Жобаны іске асыру мерзімі: 6 жылдан аспайды.

Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы,

Бюджеттен сұратылатын төлемдер: тең үлестермен 5 жылға қолжетімділік үшін төлемі. Жобаның жалпы құны 3 528 (үш миллиард без жүз жиырма сегіз) млн.теңге. Орнату мерзімі келісім шартқа отырған уақыттан бастап 130 (жүз отыз) күнтізбелік күн.

Инвестициялардың қаржылық құрылымы: әлеуетті Жеке серіктестің 100% меншікті қаражаты.

Мемлекеттік қолдау шаралары: қолжетімділік үшін төлемі.

Жекеше әріптес мыналарды жүзеге асырады және жауапты болады:

1) жеке қаражат есебінен МЖӘ жобасын қаржыландыру;

2) сапалы қызмет көрсету;

3) жабдықпен қамтамасыз ету және бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету.

Жоба техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға тиесілілігі

«Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 Бұйрығына сәйкес объект техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатпайды.

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер жоспарланған жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы балама ұсыныстар ұсына алады.

Баламалы ұсыныстар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 Бұйрығының 130-тармағында айқындалған талаптарға, сонымен қатар жобаның жүзеге асуымен тығыз байланысты сертификаттардың болуымен қосымша біліктілік талаптарына сәйкес келу: ISO 15504 - 2018: Бағдарламалық қамтамасыз ету процесін бағалау жүйесі, ISO 20000 - 2017: IТ қызметін басқару ұйымы, ISO 25051 - 2014: бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы - жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету үшін талаптар мен сапаны бағалау, ISO 27001 - 2017: Ақпараттық қауіпсіздік стандарты, ISO17 - 202 : Ақпараттық технологиялар - Қауіпсіздік әдістері - Ақпараттық қауіпсіздікті басқару үшін ұсынылатын ережелер жиынтығы, ISO 27017: Ақпараттық технологиялар - Қауіпсіздік әдістері / Бұлттық қызметтерге арналған ISO/IEC 27002 негізіндегі ақпараттық қауіпсіздікті басқару ережелерінің жиынтығы, ISO 27018: Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздік әдістері. PII өңдеушілері ретінде әрекет ететін жалпыға ортақ бұлттарда жеке сәйкестендірілетін ақпаратты (PII) қорғау ережелерінің жиынтығы, ISO 12207 - 2017: жүйелі және бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы - бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклі процестері

 

Балама ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Ақпарат алмасу үшін байланыстар

Балама ұсыныстар жазбаша түрде мына мекенжай бойынша ұсынылады:

Әлеуметті жеке әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, №209 кабинет «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2022 жылғы 17 қаңтары, жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, 216-кабинет мекен-жайы бойынша 2022 жылғы 17 қаңтар  жергілікті уақыт бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.

Анықтамалық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ 8 (7112) 260384, 260478 телефоны бойынша алуға болады.