Хабарландыру

Хабарландыру

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты» қамқоршылық кеңесіне ұсыныстар мен өтініштерді қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

Ұсыныстар мен өтініштерді білім басқармасының uo.zko@bko.gov.kz электрондық поштасына «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының» қамқоршылық кеңесіне мүше болуға үміткер» белгісімен 2021 жылғы 22 қарашасына дейін жолдау сұралады.