PISA-2022 дайындық құралдары мен механизмдері» тақырыбында халықаралық конференциясын өткізді

PISA-2022 дайындық құралдары мен механизмдері» тақырыбында халықаралық конференциясын өткізді

         2021 жылдың 5 қазанында Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы  Білім беруді дамыту орталығымен бірлесіп «PISA-2022: дайындық құралдары мен механизмдері» тақырыбында халықаралық конференциясын өткізді.

         Конференцияға Жамбыл, Ақтөбе, Петропавл қалалары мен Ресей Федерациясы (Самара қаласы) мектептерінің өкілдері, сонымен қатар директордың оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Батыс Қазақстан облысы мектептерінің жаратылыстану - математикалық және тіл пәндерінің мұғалімдерінен 500-ден астам адам қатысты.

        Конференция барысында оқушыларды халықаралық зерттеулерге дайындауда мұғалімдер озық тәжірибелерімен бөлісті.

         Оқу сауаттылығы, жаратылыстану, математикалық сауаттылықты дамыту, функционалдық сауаттылықты ғылым негіздері пәндеріне кіріктіру барысы талқыланды.  Конференция қонақтары В.Корытцеваның (Самара қаласы) «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін сыныптағы жаратылыстану-практикалық жұмыстарға бағытталған жұмыс», Р.Магперованың (Петропавл қаласы) «Тұлғаның табысты дамуының кепілі ретінде математикалық сауаттылықты дамыту», Н.Давлетбаеваның  (Тараз қаласы) «Оқушылардың шығармашылық ойлауы мен математикалық сауаттылығын дамыту әдісі бойынша PISA халықаралық зерттеуінің мәселелерін шешу», Р.Дарибаеваның (Ақтөбе қаласы) «Биология сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту технологиясының негізі - оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру»  баяндамаларыда өзекті мәселелер қамтылды.