«Жасөспірімдер арасындағы селфхарм, өзі- өзіне қолсұғушылық әрекетінің алдын алу»

«Жасөспірімдер арасындағы селфхарм, өзі- өзіне қолсұғушылық әрекетінің алдын алу»

2021 жылдың 29 қыркүйек күні Жоғары аграрлық – техникалық колледжі базасында Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы селфхарм, өзі- өзіне қолсұғушылық әрекетінің алдын алу» тақырыбында  оффлайн семинары өтті.

Семинарға облыстық білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Гумарова З.М.,ювеналды полиция басқармасы бөлімінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры М.Е.Куспанова, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары мен педагог – психологтары қатысты.

Семинар барысында Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Г.К.Кабулова семинар қатысушыларына тренингтер өткізіп, психопатологиялық аурулардың және селфхарм түрлерін атап өтті

Ювеналды полиция басқармасы бөлімінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры М.Е.Куспанова қатысып, Орал қаласы аумағында жасөспірімдер арасында орын алған өз-өздеріне қол жұмсау және оған әрекет ету жағдайы, өзін – өзі өлтіру және оған әрекет ету фактілерінің динамикасы, суицид әрекетін жасаған жасөспірімдерге көмек көрсету, балаларарасында суицидтың алдын алу мәселесі бойынша әлеуметтік жоба енгізу, вебинар ұйымдастыру, мүдделі органдардың өзара байланысын жақсарту мақсатында балалар арасында суицидтың алдын алу алгоритміне өзгерістер енгізу туралы ақпарат берді және жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық.