Республикалық «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Республикалық «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2021 жылдың 29 қыркүйек күні Қостанай қаласында Республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарын құттықтау рәсімі өтті.

Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша  қатысқан 173 педагог-үміткерлердің арасынан 64 педагог жеңімпаз атанып, оның 5-і Батыс Қазақстан облысының педагогтері.

  • Ельжанова Үміт Қайырғалиқызы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 «Гүлдер» бөбекжайының тәрбиешісі;
  • Иргалиева Светлана Мидхатқызы, Тасқала ауданы С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ-нің география пәнінің мұғалімі;
  • Баенова Дәметкен, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей- интернатының физика пәнінің мұғалімі;
  • Ерментаева Әсел Сатқанқызы, Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  • Искакова Құралай Амангелдіқызы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

«Үздік педагог-2021» атағының иегерлеріне төсбелгі мен ақшалай сыйақы табысталды.

Марапатқа ие болған әр ұстаз – шәкірттерінің ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!

Білім саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын. Тәуелсіз Қазақстанымыз нығайып, көркейе берсін! Еліміз қуатты, болашағымыз жарқын болсын!