«Орал қаласы, Байтерек ш/а, Бастау к-сі, 9 үйде орналасқан жеке үйді қайта жабдықтау арқылы 60 орындық балабақша ғимаратын іске асыру» бойынша конкурс жариялайды

«Орал қаласы, Байтерек ш/а, Бастау к-сі, 9 үйде орналасқан жеке үйді қайта жабдықтау арқылы 60 орындық балабақша ғимаратын іске асыру» бойынша конкурс жариялайды

 

  1. 2021 жылғы 25 тамызда Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 мекен-жайында орналасқан «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ атынан МЖӘ жобасы аясында «Орал қаласы, Байтерек ш/а, Бастау к-сі, 9 үйде орналасқан жеке үйді қайта жабдықтау арқылы 60 орындық балабақша ғимаратын іске асыру» бойынша конкурс жариялайды: Ғимарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына және Құрылыс нормалары мен санитарлық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптесті таңдау жөніндегі тікелей келіссөздер құжаттамасына сай келетін барлық әлеуетті жеке әріптестер жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңының 44 бабында «Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау» талаптарында көрсетілген.


Жеке әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, №209 кабинет «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 25 қазан 2021 жыл, жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, 216-кабинет мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 25 қазан  жергілікті уақыт бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.

Анықтамалық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ 8 (7112) 260478 телефоны бойынша алуға болады.