Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлама

Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлама

 

Кәсіпкерлік субъектілерін жұмылдыру, тарту, қатыстыру мақсатында, сондай ақ Қазақстан Рспубликасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 12 тармағына сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы» ММ-сі    «JASQUS қонақ үй кешенін сенімгерлік басқару» МЖӘ-нің жоспарланып отырған жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлайды.

Жобаның іске асыру орны: Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Орда ауылы

Жобаның міндеті мен мақсаты: аймақта туристік қызметтерді ұйымдастыру бойынша сапалы қызметтер көрсету, туризмнің жаңа түрлерін дамыту

Мемлекеттік әріптес:

- аймақта өмір сүру деңгейінің көтерілуіне қажетті жағдайлар туғызу;

-әлеуметтік – экономикалық жағдайды жақсарту;

Жеке әріптесті айқындаудағы болжалды тәсілі:

Жеке әріптесті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі» туралы Заңның 31-бабына сәйкес  конкурс тәсілімен айқындайды.

            МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 5 - 6 жыл аралығы (2022-2028 ж.).

            Жеке әріптес:

-жобаны іске асыру үшін өз қаржы көздерін тартады;

-МЖӘ объектісіне пайцдалану қызмет көрсетуге дайындау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді.

- қонақ үй кешенінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;

Соңғы ұсыныстар беру мерзімі  26.08.2021 дейін.

Анықтамалар үшін: «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-сі, мекенжайы: Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72, каб 216, тел: +7 (7112) 26 04 78, электрондық пошта: Ghpuozko@mail.ru, бөлім басшысы Мендыгалиева Клара Жардемовна, Сулейменов Самиғолла Закрияұлы.