Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 – 2022 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 – 2022 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес жоғары оқу орындары арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланады.

            Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 9, 11, 17 қосымшаларының талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.

            Конкурсқа өтініш 2021 жылдың 26 – 30 шілде аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 – 18.30 дейін, 090000 индексі, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасында және е-mail: uo.zko@bko.gov.kz поштасында қабылданады.

 

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламасы тобының коды

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

Грант саны

1

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

10

2

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

10

3

6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

10

4

6 В022 Гуманитарлық білімдер

В033

Дінтану және теология

3

5

6В083Орман шаруашылығы

В079

Орман шаруашылығы

2

6

6В086 Су ресурстары және суды пайдалану

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

4

7

6В101 Денсаулық сақтау

В086

Жалпы медицина

50

8

6В021 Өнер

В028

Хореография

5

 

Барлығы

 

 

94