FIZMAT PRIMARY SCHOOL

FIZMAT PRIMARY SCHOOL

Құрметті Орал қаласының ата-аналары!

 

      Fizmat Primary Uralsk Батыс Қазақстан өңіріндегі ҚР Мемлекеттік білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейтін, сондай-ақ математика мен ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін жағдай жасайтын алғашқы бірегей мектеп болып табылады. Мектеп халықаралық деңгейдегі қол жетімді және сапалы білім ұсынады.  Оқу процесі Республикалық физика-математика мектебінің бағдарламалары негізінде жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ қазіргі заманғы ресурстарды, үздік ұлттық және әлемдік білім беру практикаларын пайдалануды көздейді.

     Мектеп әр баланың жеке бейімділігі мен танымдық қызығушылықтарын ескере отырып, сапалы білім алу үшін жағдай жасауға тырысады. Оқыту бағдарламасына жобалау - зерттеу қызметі біріктірілген, ол білім алушылардың шешімдерді өз бетінше ізденуіне ынталандырады және олардың шығармашылық және талдамалық қабілеттерін дамытады.

    Fizmat Primary Uralsk-да ұсынылған бірегей қосымша білім беру бағдарламасы логиканы, танымдық қабілеттерді дамытуға бағытталған және тек оқу дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар әр баланың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашуға да ықпал етеді.

         Қосымша білім беру бағдарламасы келесі курстардан тұрады:

олимпиадалық математика, сингапур математикасы, ағылшын тілін үйренудің авторлық бағдарламасы (art &reading), роботехника, шахмат және т.б.

            Мектеп қазақ немесе орыс тілінде оқытатын 1-2 сынып оқушыларын конкурстық іріктеуге тіркеуді жүргізеді www.fizmatprimary.kz.

 

Сынақ  тапсыру күні: 12 маусым 2021 ж. – 1- сынып (әңгімелесу)

​​​                                         13 маусым 2021 ж. – 2- сынып (тест)

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз +7 777 529 77 67 (қабылдау комиссиясы) немесе primary@fizmat.kz