4-ші маусым «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер» күні

4-ші маусым  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер» күні

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және  2021 жылдың 4-ші маусым күні  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер» күнін атап өту аясында, мемлекетіміздің тарихына қызығушылық таныту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және патриотты  сезімді тәрбиелеу мақсатында, техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарында шаралар өтті. Осы шараға студенттер мен оқытушылар қатысты. Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Осының бәрі - Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның қасиеттілігі сол, Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады.