«Тіл – мәдениетаралық коммуникация және ұлттық бірегейлік: болашаққа көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік форумы

«Тіл – мәдениетаралық коммуникация және ұлттық бірегейлік: болашаққа көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік форумы

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес  2021 жылдың 11 наурыз күні жалпы қоғамдағы мәдениетаралық, халықаралық қарым-қатынаспен байланысты келелі мәселелерді талдау, тілді қарым- қатынас құралы ғана емес, сол елдің мәдени құндылықтарының өзегі, сарқылмас байлығы ретінде құрметтеу және қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің проблемалық-тақырыптық пікірталас алаңдарының жұмысын талқылау мақсатында  «Тіл – мәдениетаралық коммуникация және ұлттық бірегейлік: болашаққа көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік форумы онлайн режимінде өткізілді.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік форумның пленарлық бөлімінде «Тіл – бірегейлік тұғыры», «Адам баласын өркениетке жеткізер ұлы күш - тіл», «Тіл – өзіне тән әлем мен халықтардың көрінісі» тақырыптары негізінде Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университетінің қауымдастырылған профессоры Мұстафа Кале «Қожа Ахмет Яссауи мен Қожа Ахмет Яссауи университетінің түрік-қазақ қатынастарындағы рөлі»,   Измир қаласы Эгей университетінің түрік тілі және әдебиеті факультетінің докторы, Мұстафа Өнер «Түркология және ұлттық мәдениет», Қазан қаласының Қазан федералды университеті филология және мәдениетаралық байланыс институтының филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ижбаева Гульназ Ришатовна мен Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы Батыршин Шамиль Фасхидинович «Мифтің когнитивті қызметі» атты ортақ тақырыпты талқыласа, Батыс Қазақстан университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхамбетқалиева Роза Қазиқызы «Түркі əлеміндегі бертінгі сырт елдер руханиятының эволюциясы мен əдеби  байланыстары» бойынша тілдің қазіргі қоғамдағы, әлемдегі орны, ұлт ішіндегі татулық, мәдениет пен дәстүрдің  үйлесімділігі және елдің болашағы туралы ой бөлісті.

Форум екі бөлімді қамтыды. Практикалық кезеңінде Алматы қаласы, Ақтөбе облысы, Орынбор қаласы, Ақмола облысынан пән мұғалімдері мен колледж оқытушылары өз іс-тәжірибелерімен бөліссе, Орталық Азия бойынша ағылшын тілі  бағдарламаларының аймақтық директоры Джон Сильвер мен орынбасары Ольга Патерова және ағылшын тілі бағдарламасының үйлестірушілері Бенджамин Тэйлор, Гауһар Шакирова, Әсем Даниярова «Ағылшын тілін үйрену және оқытуға арналған RELO ресурстар» тақырыбы бойынша ағылшын тілін оқытуда мұғалімдердің шығармашылық шеберлігін шыңдауға бағытталған ресурстармен таныстырды.

Халықаралық форум YouTube каналында тікелей эфирде көрсетілді.