Баскетболдан мектеп оқушыларының Ұлттық лигасының республикалық кезеңінің ашылуы салтанаты

Баскетболдан мектеп оқушыларының Ұлттық лигасының республикалық кезеңінің ашылуы салтанаты

Бүгін облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің базасында 9-11 сынып қыздары арасында баскетболдан мектеп оқушыларының Ұлттық лигасының республикалық кезеңінің ашылуы салтанаты өтті.

Жарысқа республикамыздың 9 аймағынан: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларынан командалар қатысады.

Бұл жарыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының жоспары бойынша өткізіледі.

          Жарыстың жеңімпаздары 2021 жылдың 1 мамыр күні белгілі болады.