Хабарландыру

Хабарландыру

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы  бос лауазымға ашық  конкурс  жариялайды

БҚО әкімдігі білім басқармасының «Бәйтерек колледжі» МКҚК директоры,  БҚО Бәйтерек ауданы, Калинин ауылы Киров көшесі, 19, тел. 87113022733, prof-13@ya.ru

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:  ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, фермер шаруашылығы (бейін бойынша), дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша), тамақтандыруды ұйымдастыру (бейін бойынша) мамандарын даярлау.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейін бойынша; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін, өндірістен өткен тұлғаларды қоспағанда)..

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және бiлiм беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк, әкiмшiлiк-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметiне басшылық жасайды.
      Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесiнiң кестесiн, iшкi тәртiп ережесiн бекiтедi. Бiлiм беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесiн, қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi. Бiлiм алушылардың контингентiн қалыптастырады, олардың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс iстеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етедi.
      Жұмыс берушiлермен және әлеуметтiк әрiптестермен жүргiзiлетiн жұмысты үйлестiредi. Қолда бар мүлiктер мен құралдарға билiк жүргiзедi, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебi мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестiң жұмысын басқарады. Бiлiм беру ұйымының оқыту қызметiнiң саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық бiлiм технологияларын енгiзудi және тартуды қамтамасыз етедi.
      Кадрларды iрiктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз етедi, олардың бiлiктiлiгi мен кәсiби шеберлiгiн арттыру үшiн жағдай жасайды.
      Үздiксiз кәсiптiк оқыту жөнiнде бiлiм беру ұйымдарымен бiрлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етедi, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргiзiлетiн жұмысты үйлестiредi. Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда бiлiм беру ұйымының мүддесiн бiлдiредi.
      Әлеуметтiк серiктестiк және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады. Уәкiлеттi органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелерi туралы жыл сайынғы есептi ұсынады. Еңбектi қорғау, техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарын орындауды қамтамасыз етедi және қауiпсiз еңбек етуге жағдай жасайды.
Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 138302 теңгеден 167767 теңгеге дейін.

     Хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына орналастыру үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады: 1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото; 6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме; 7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда); 8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен  бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама; 10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама; 11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда); 12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда); 13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат; 14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары. 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.  Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады. Конкурсқа қатысуға үмiткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үмiткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күн өткеннен кейiн аяқталады. Өткізу орны: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәжіліс залы.       

БҚО білім басқармасының конкурстық комиссиясы