3 тоқсанның басталуы туралы ақпарат

3 тоқсанның басталуы туралы ақпарат

3 тоқсанның басталуы туралы ақпарат.

      2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсанында оқыту 3 форматта ұйымдастырылды: қашықтықтан, штаттық және аралас.

      Облыста 111 132 оқушы контингентімен 379 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде:

- 25881(23,28%) оқушымен 268 (70,71%) мектеп штаттық режимде жұмыс істейді;

-110 (29,02%) мектеп 85239 оқушымен (76,70%) аралас режимде жұмыс істейді;

-1 мектеп (0,27%) 12 оқушымен (0,01%) толық қашықтықтан оқиды.

Бітіруші 9-сыныптардағы 8634 оқушының 7863-і (91,07%) 593 топта аралас оқытуға көшті.

Бітіруші 11-сыныптардағы 5734 оқушының 5047-і (88,01%) 427 топта аралас оқытуға көшті.

         Кезекші форматта 3594 топта 1-5 сыныптардың 43647 оқушысы оқиды.

     5 адамнан тұратын консультативтік сабақтармен 7885 түлек қамтылып, оларға 2189 педагог тартылды.