ТАСҚАЛА АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТАСҚАЛА АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2026 жылғы 28 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Тасқала ауданы білім беру бөлімінің жаңа басшысы Айым Мұхитбекқызы Қашимованы білім басқармасы мен аудандық білім беру бөлімінің ұжымдарына таныстырды.
Жаңа басшыны таныстыру рәсіміне Тасқала ауданының әкімі Шакиров Талғат Асқарұлы да қатысты.
Айым Мұхитбекқызы Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын білім беру ұйымдарында мұғалім болып бастап, кейін аудандық білім беру бөлімінің басшысы қызметін атқарып, білім саласында мол кәсіби және басқарушылық тәжірибе жинақтаған.
Кездесу барысында Елдос Сафуллин білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, білім алушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай қалыптастыру бағытындағы негізгі міндеттерге тоқталды.
Аудан әкімі Талғат Асқарұлы Шакиров жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, ауданның білім беру саласын дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Айым Мұхитбекқызына жаңа қызметінде табыс, жауапты жұмысына сәттілік тілейміз!