Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті

Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті
2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті.
🇰🇿Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.
🥉Қола медаль иегері:
• Шыңғыс Карасаев - Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
📃 Құрмет грамотасының иегерлері:
• Рамазан Бутантаев - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Аслан Ажибаев - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
• Кирилл Тургумбаев - Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
✅Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.
🎓Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.
📚Олимпиадалық лингвистика елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.
👏Құрама мүшелерін және жетекшісін, сондай-ақ оқушылардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Жас зияткерлерімізге алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!