ҚР Үкіметінің резерві қаражат есебінен және жергілікті бюджет есебінен үнемделген қаражат есебінен сатып алынған компьютерлік техниканы сатып алу туралы ақпарат

ҚР Үкіметінің резерві  қаражат есебінен және жергілікті бюджет есебінен үнемделген қаражат есебінен сатып алынған компьютерлік техниканы сатып алу туралы ақпарат

       Облыста 379 жалпы білім беретін мектепте 15382 дана компьютерлік техника бар, оның ішінде ҚР БҒМ талаптарына сәйкес 7324 жұмыс істеуге жарамды.

      2020 жылы облыс мектептерінің компьютерлер паркін жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен 616,9 млн. теңгеге 3783 дана компьютерлік жабдық сатып алынды.

     Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 14970 бірлік компьютерлік техника сатып алуға 2 318 399 596 теңге сомасында қаражат бөлінді:

– компьютерлер-1558 бірлік;

- планшеттер-2018 бірлік;

- ноутбуктер-11394 бірлік.

     Әлеуетті өнім берушіні таңдау бойынша БҚО әкімдігі және білім басқармасы жанындағы комиссия отырысының хаттамалары негізінде басқармамен ағымдағы жылғы 17 тамызда "Казинтерсервис"ЖШС-не келісім шарт жіберді. Келісім  шартқа Тараптармен қол қойды, Қазынашылық органдарында тіркелді.

Компьютерлік техниканың бағасы хаттамаға сәйкес белгіленді:

– компьютерлер-бірлік үшін 150 000 теңге;

- планшеттер-бірлік үшін 45 000 теңге;

- ноутбуктер-бірлік үшін 161 000 теңге.

       Компьютерлік техниканы сатып алу бойынша ағымдағы жылғы 10 тамызында Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкіміне сәйкес облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Компьютерлік техникаға қажеттілігі бар әлеуметтік осал топтардың балаларының тізімі жасақталды.

     Қазіргі таңда барлығы 9220 компьютерлік техника (2018 планшет, 1558 компьютер және 5644 ноутбук) жеткізіліп, әлеуметтік осал топтардың балаларына таратылуда.