«Ауылдық елді мекендерінде тұратын және мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын бекіту туралы» Батыс Казақстан облыстық мәслихат шешімінің жобасы

«Ауылдық елді мекендерінде тұратын және мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын бекіту туралы»  Батыс Казақстан облыстық мәслихат шешімінің жобасы

Ауылдық елді мекендерінде тұратын және мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан  Республикасының  2019  жылғы  27   желтоқсандағы   «Педагог мәртебесі туралы»  Заңына сәйкес,  Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес ауылдық елді мекендерінде тұратын және мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары бекітілсін.
  2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                         АЖТ
         

Облыстық мәслихат хатшысы                                   АЖТ

 

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

20___ жылғы ____________ № ___

шешімімен бекітілген 

 

 

                                                     

Ауылдық елді мекендерінде тұратын және мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелері

  1. Осы коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету ережесі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 12-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Батыс Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде тұратын және мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге көрсетіледі.
  3. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет, оқу жылының басында (қыркүйек-қазан) қызметкердің есеп шотына аудару жолымен төленеді.
  4. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды педагогтың өтініші бойынша басшының бұйрығымен білім беру ұйымы жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

  1. Әлеуметтік қолдау алу үшін жеке тұлға (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мынадай құжаттарды ұсынады:

             1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);

             2) еркін нысандағы өтініш.

3-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері

  1. Педагогтерге әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылады.